Новости
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау бағытында атқарылған жұмыстар
- author Zhambylokq
- 20 ноября, 2023
- 51
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау бағытында атқарылған жұмыстар
Бүгінде облыс көлемінде 45 601 мүгедектігі бар адам тіркелген (о.і. 1-ші топтағы – 4361 адам, 2-ші топ - 16794, 3-ші топ - 17622 адам, 18 жасқа дейінгі мүгедектер саны – 6824 адам). Яғни, облыс халқының жалпы санына шаққанда 3,7%-ын құрайды.
2023 жылы мүгедектігі бар адамдардың жеке абилитациялау және оңалту бағдарламаларына (сурдо-тифло құралдар, санаторлық-курорттық және протез-ортопедиялық бұйымдар, кресло-арбалар) бюджеттен 3,4 млрд.теңге қаржы бөлінген. Өткен жылы 1,9 млрд.теңге қарастырылған болатын.
Сонымен қатар, 2023 жылы жергілікті бюджеттерден әлеуметтік қызметтерге (жеке көмекші қызметі, ымдау тілі маманы, үйде көмек және гигиеналық құралдар бойынша) 2,1 млрд.теңге бөлінді.
10 айда әлеуметтік қызметтер ұсыну порталында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жеке оңалту бағдарламаларының орындалуы 93%-ды құрап отыр (өңірлер арасында 1-орын, орташа көрсеткіш – 84,7%).Яғни, порталға тіркелген 24 719 өтініштің, 22 967-сі қанағаттандырылды.
Тараз қаласы мен аудандарда 10 айда 141 нысанда бейімдеу жұмыстары толығымен аяқталды. Жалпы 172 нысанға 182,3 млн.теңге қаржы бөлінген.
Өңірімізде 6824-і мүгедектігі бар балалар бар.
Олардың 2 мыңы тірек қимыл аппараттары бұзылған және жүйке ауытқулары бар балалар болып тіркелген.Өткен жылы басқармаға қарасты 12 медициналық-әлеуметтік мекемелерде 1 291 адамға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілді.
Атап айтсақ, 3 стационар жағдайындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығында 755 мүгедектігі бар адамға, 9 жартылай стационар жағдайында мүгедектігі бар адамдарды және балаларды оңалту және бейімдеу орталықтарында 536 азаматқа қызметтер ұсынылды.
Бұл бағыттағы жұмыстар ағымдағы жылы да өз деңгейінде жалғастыруда, қазіргі кезеңде 1 578 адам қызмет алды.
2023 жылы Сарысу ауданында сыйымдылығы 25 орындық мүгедектігі бар балаларды оңалту және бейімдеу орталығы ашылса, Тараз қаласында 150 орындық оңалту және бейімдеу орталығының құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілді.
Желтоқсан айында Тараз қаласында 110 балаға арналған «Аутизмі бар балаларды қолдау орталығын» ашу жоспарлануда.
Тараз қаласы мен аудан әкімдіктерінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің ұйымдастыруымен 14 бөлімше және 1 бөлімшеден тыс қызметі тарапынан үйде қызмет көрсету жағдайында 711 мүгедектігі бар (о.і. ересектер – 202, балалар – 509) азаматқа және балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынылуда.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында үкіметтік емес ұйымдар жұмыс атқаруда. Бүгінге мүгедектігі бар азаматтар мен балаларды оңалту және бейімдеу мақсатында 11 күндіз болу жағдайында орталықтары ашылып, 320 ересектер мен балаларға және 16 үйде қызмет көрсету бөлімшелерінде 438 азаматқа арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынылуда. 51 мекемеде 86 орынға квота аясында жұмыс орындары белгіленіп, бүгінге 68 мүгедектігі бар азамат жұмысқа орналасты.
10 айда 3 024 мүгедектігі бар азамат жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды. Олардың 726-ы тұрақты жұмыспен қамтылса, 508-і ақылы қоғамдық жұмыстарға, 18-і әлеуметтік жұмыс орындарына, 45 азамат жастар практикасы бойынша жұмысқа жолданды.
«Алғашқы жұмыс орны» жобасына 15 азамат, «Күміс жас» жобасымен 43 азамат қамтылды. Онлайн оқыту курстарына 77 азамат жолданып, «Бастау бизнес» кәсіпкерлік негіздеріне 1 270 азамат оқудан өтсе, кәсіптік оқыту курстарына 53 азамат жолданды. 269 азамат жеке кәсібін ашуға грант алды.
Следующая статья