Региональная служба комуникаций Жамбылской области - Информационное агентство

Контакт

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Мирный ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы

Мирный ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы
картинка из интернета
Мирный ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы
Қаңтар-маусым айларының қорытындысымен  ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту мақсатында округ бойынша  жыл ішінде ауылда ақылы қоғамдық жұмысқа 5 адам тартылды.Ағымдағы жылдың 6 айында 2 адам тұрақты жұмысқа орналасты. 1.Мирный ауылының даму жоспарына сәйкес бүгінгі таңда аталған округ бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік сала бойынша, округтің жағдайын жасау мақсатында 2021-2025 жылдарға арналған «Кәсіпкерлікті дамыту» жөніндегі Ұлттық жобаның бағдарламасы шенберінде, 2022 жылы – 3 тұрғын тұрақты жұмыс орындарымен  қамтамасыз етілген болса,  Ұлттық жоба аясында 2023 жылдың 6 айында – 2 азаматты жұмыспен қамтыдық 2.Кәсіпкерлік саласы. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға мемлекет тарапынан жыл сайын қаржы қаралуда.«Оргстрой» ЖШС (96 адам огның ішінде 29 Мирный ауылынан), «Коптас» ЖШС (17 адам оның ішінде 11 Мирный ауылынан), «Кулан-Көмір» ЖШС(11 адам оның ішінде 7 Мирный ауылынан),«Turan Industry» ЖШС(4 адам),«КАЗгранит» ЖШС (10 адам оның ішінде 4 адам Мирный ауылынан). 174 аулада және 1 шаруа қожалықта 5215 бас  малдар деректер қорында тіркелген.Оның ішінде:  Мүйізді ірі қара-118 бас ,жылқы -157 бас,  қой- 4940 бас. 3.2023 жылдың І жарты жылдығында  Кеңес ауылдық округіне барлық деңгейдегі мемлекеттік бағдарламалар аясында:1. «Өңірлерді дамыту бағдарламысы» бойынша қазан айында балалар алаңшасы салу жоспарда. Жер телімі алынып, мемлекеттік актысы рәсімделген. Жоба құны 11 млн.тенге. құрылыс жұмыстары қараша-желтоқсан айларында толық аяқталады деп отырмыз.  
  1. Қылмыстық құқық бұзушылықтарға қарсы күрес.
Мирный ауылы әкімі аппаратында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2023 жылға арналған іс-шаралар жоспары дайындалып, құқық бұзушылыққа жол бермеу үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, іс-шараға сәйкес, тиісті жұмыстар жүргізілді. Мирный ауылының жергілікті полиция инспекторы Станбек Нұрбек қызмет атқарады. Алты ай ішінде барлығы 20 хаттама толтырылды.Пробация бөлімшесінде есепте тұрған 1 азамат. Ауыр және аса ауыр, мал ұрлау  қылмыстары тіркелген жоқ. Білім мекемелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәдениетін қалыптастыру бағытына арналған сынып сағаттары өткізілді.
Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Похожие новости